Әлеуметтік желілерде 7 мамыр күні өткен Жеңіс шеруі кезіндегі видеолар тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.
Интернет беттерінде тараған видеоларда Қазақ елі монументі маңындағы қоршаулар мен ағаш-талдарға көтеріліп, шеруді көріп тұрған елордалықтарды байқауға болады. Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырып жатыр.
«Нағыз астаналықтар үйде, бұл біз емес». «Парад күшті өтіпті». «Ақыры келдік, көріп қайтайық деп, қыдырып барғандар ғой». «Шүкір, осылай келіп қарағанына, әскерилер шеруге отбасын тастап, айлап дайындалды. Осы адамның бәрінің жүрегінде патриоттық сезімі бар деген сөз». «Ағаш, шөпті басып таптап, халық қашан тәптіпке үйренеді». «Парадты көруге рұқсат берілсе, халық фото-видеоға түсіріп, парадтың ортасында жүгіріп жүрер еді кедергі келтіріп». «Несі бар, бәрі парад көргісі келеді. Бала кезімізде парад көрген қызық болатын».
@kalimamyn Парадқа келгенімді қайтейінСобрларды көргім келіп еді негізі #парад #деньпобеды #астана ♬ оригинальный звук — Amangosovna