«Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаев бірнеше жыл бұрын жарық көрген клипі желіде хитке айналғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.
Желі қолданушылары әншінің әнін Tik-Tok-қа салып жіберген.
«Оооу, ағайын инста әлемінде не болып жатыр? Бірақ тик-ток әлемінде әніңіз хит болып жатыр деп осымен мына видеоны бірнеше адам жіберді. Шынымды айтайын, қай жері хит боп жатқанын өзім түсінбедім. Жастық шақ қой», – деп жазды әнші.
Өнер иесінің тыңдармандары түрлі пікір білдіріп, әншінің “Компьютер” әнін қызу талдап жатыр.
“Жұмысқа тұрар кезде компьютерді үйренгенсің бе, меңгергенсің бе деп сұрағанда жауап беретін ән екен”, “Масқара мынадай ән де болған ба?!”, “Мынау “Менің мамандығым – мақтанышым” атты байқаудың әнұраны сияқты”, – деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram