Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек. Ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс тастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Сүйіктісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ұсыныс кезінен фотосуреттерін жүктеді. Әділет Майғазиев ұсыныс жасауға әдемі күнді де таңдаған.
Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні Жаңаөзеннің қызы, жасы жиырмада. Руы адай, Әдия есімді бойжеткен.
Желі қолданушылары екі жұпқа бақыт тілеп, пікір жаудырды.
«Енесінен аумайды екен», «Атасының әнімен салып қойыпты», «Бұйырса Сәкен ағамыз құда болады екен», «Жақында той», деп жазды.