Сәуірде өмір сүру минимумы тағы өсті

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, сәуір айында Қазақстанда күнкөріс минимумы 54 408 теңгеге жетті. Бұл – наурызбен салыстырғанда 2%-ға жоғары, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жас және жыныс бойынша:
• Ер адамдар (18+) — 64 759 тг
• Әйелдер (18+) — 51 424 тг
• Зейнеткерлер — 50 882 тг (+1,9%)
• Балалар (0–13 жас) — 43 523 тг (+1,7%)
• Жасөспірім ұлдар (14–17 жас) — 68 664 тг (+1,9%)
• Жасөспірім қыздар — 52 614 тг (+1,9%)

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіштер:
1. Маңғыстау облысы — 63 117 тг (+1,1%)
2. Алматы облысы — 58 987 тг (+2,6%)
3. Астана — 58 011 тг (+1,8%)
4. ШҚО — 57 794 тг (+1,7%)
5. Алматы қаласы — 56 833 тг (+3%)
6. Ұлытау облысы — 55 933 тг (+2,1%)
7. Ақмола облысы — 54 828 тг (+2,4%)

Орташа деңгейге жақын өңірлер:
• СҚО — 53 509 тг
• Абай — 53 499 тг
• Қарағанды — 53 307 тг
• Шымкент — 53 240 тг
• Жетісу — 53 188 тг
• Жамбыл — 51 891 тг
• Павлодар — 51 741 тг
• Түркістан — 51 097 тг

Ең төмен көрсеткіштер:
• Қостанай — 50 903 тг
• Атырау — 50 341 тг
• Ақтөбе — 48 791 тг
• БҚО — 48 784 тг
• Қызылорда — 48 477 тг

Күнкөріс минимумы — әлеуметтік төлемдер, зейнетақы мен ең төменгі жалақыны есептеуде негізгі көрсеткіш.