Белгілі айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева туған күнінде жолдасынан ерекше сыйлық алды. Өнер иесі туған күнінде Ыстамбұлдан Қазақстанға келген еді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
“Айнұр ханымға жолдасы келе алмаса да Ыстамбұлдан беріп жіберді. 1001 раушан гүлін ортаға әкелейік”, – деді той жүргізушісі.
Одан кейін айтыскер ақын «Әйел жылап жүрген үйде, еркекке де бақыт жоқ…», – деп жазба қалдырды.
Желі қолданушыларының сөзінше, айтыскер ақын туған күніне келген қонақтардың бәріне гүлді таратып берген көрінеді.
“Бар құрметке лайықсың”, “Осы көріністің куәсі болдық”, “Керемет сыйлық екен”, “Туған күнге жиналғандардың бәріне таратып берді”, “Өзім 5 тал гүл алып үлгердім”, – деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram