Сара Алпысқызының денсаулығы сыр берді — дереккөз

Фото: МТРК «Мир»

Дереккөздердің жазуынша, Сара Назарбаева ауыр халде жатыр. Алпысқызына көмектесу үшін дәрігерлер де дәрменсіз, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

«Сара Алпысқызы ешқашан нағыз бірінші ханым болған емес. Назарбаев өмірлік серігін жарнамалауға ұмтылған жоқ. Тіпті ол 2015 жылы Лондонға патшайым Елизаветамен кездесуге әйелімен емес, сол кезде вице-премьер қызметін атқарған үлкен қызы Дариғамен барған», деп жазады prokadrykz телеграм арнасы.

Оның неліктен көлеңкеде қалғаны кейінірек белгілі болды, мұны Назарбаевтың өзі кітабында түсіндірді. Кітапта жүрекке әмір жүрмейтінін жазған.

Сара Қонақаева 1941 жылы ақпанда Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отбасын құрды. Кейін ол «Бөбек» қоры мен «SOS — Қазақстанның балалар ауылдары» қорына (©ulysmediatg) жетекшілік етті.