Фото: ҚР ТЖМ
Орал қаласының Циолковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, 7 шаршы метр алаңда жеке заттар, қоқыс және ескі жиһаз өртенген.
— Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғары қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 9 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.