Талғар қаласында Шерзат Болаттың қазасына байланысты өтіп жатқан сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Сот отырысында куәгер ретінде Сәкен Әкежанов жауап беріп жатыр. Ол қанды оқиға болған «Қамажай» дүкеніне қарама-қарсы үйде тұрады.
«Бір әйелдің ащы дауысы естілді. «Жедел жәрдем шақырыңдар!» деп айқайлап жатты. Балконға шықсам, бір топ жігіттің бір адамды ұрып жатқанын көрдім. «Қойыңыздар, өлтіріп қоясыңдар!» деп дауыстадым», – деді ол.
Куәгердің айтуынша, оның үйінен “Қамажай” дүкенінің маңы толық көрінбейді. Сол түні ол оқ атылғандай дыбыс естігенін айтады, алайда алғашында бұл мотоциклдің дауысы болар деп ойлаған.