Шымкентте жүргізуші куәлігі саудаға түскен: Мемлекеттік корпорация пікір білдірді

Фото: ИА «NewTimes.kz»

Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласында жүргізуші куәліктерін заңсыз сату әрекетімен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметі әшкереленгені туралы ақпарат жарияланды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Аталған схема құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік корпорацияның бірлескен жұмысы нәтижесінде анықталды. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша Филиалы Қаржылық мониторинг департаментіне жәрдемдесуде.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын ұстанады. Біздің қызметіміздегі басымбағыттардың бірі – барлық деңгейде ашықтықтықамтамасыз ету және адалдық қағидаттарын сақтау. Қазіргі таңда бірінші тоқсан қорытындысы бойынша құзырлы органдарға 23 материал жолданды. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастырамыз.