Атыраудағы элиталы үйлердің бірінде екіқабат әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің суреті желіге тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қаскөйдің фотосын атыраулық блогер Рүстем Баязиев Instagram парақшасында жариялады. Блогердің сөзінше, күдікті қайтыс болған әйел тұрған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Үйіне кіріп, өлтіріп, құнды заттарын тонап кеткен.
Бұған дейін, NCOC қызметкері 46 жастағы Бибігүл Шпанованы өлтіріп кеткені айтылған еді. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері әйелдің мәйіті «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.
Полиция 1987 жылы туған жігітті ұстап, «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.