«Өзімнің күйеуім әдемі»: Қайрат Нұртастың сыртқы келбеті талқыға түсті (ФОТО)

TikTok қолданушысы танымал әнші Қайрат Нұртаспен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Суреттен әншінің шаршаңқы көрінетінін байқауға болады. Осы тұста желі қолданушылары түрлы пікір жазып, Қайрат Нұртастың сырт келбетіне қатысты өз ойларын жазды.

«Макияжсыз өзіміз екенсің ғой», «Өзімнің күйеуім әдемі екен ғой», «Дүкенге нанға шыққан ба», «Ішіп жүрген жерінен ұстап алғансың ба», «Ақшасы бар неге күтім жасамайды», «Есірткі құртқан ғой», — деді олар.