Фото: Reuters
Қоғамдық есеп министрі Амели де Мончалиннің сөзінше, француз үкіметі жыл соңына дейін ақшаны үнемдеу мақсатында мемлекеттік органдардың үштен бірін біріктіруді немесе жоюды ұсынбақ. Елде тек жоғары оқу орындары ғана қалыпты жұмыс істей береді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол бұл туралы француздық CNews/Europe 1 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Осылайша француз үкіметі 3 млрд доллар үнемдемек. Қазір Францияның бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына тең. Билік бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 3 пайызға дейін төмендетуді көздейді.
Қаржы министрі Эрик Ломбард үкімет келесі жылы қаржылық шығындарды 40 миллиард еуроға қысқартуға тырысатынын айтты.