Еліміздің тағы бір пойызына әйелдер вагоны қосылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Ұлттық тасымалдаушының 1 маусымнан бастап Орал-Маңғыстау бағыты бойынша әйелдер вагонын іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Вагон №614/613 пойызы құрамында жүреді. Компания әйелдер вагондары келесі бағыттар бойынша қатынайтынын еске салды:

№77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
№45/46 «Павлодар – Түркістан»;
№37/38 «Маңғыстау – Семей»;
№47/48 «Атырау – Астана»;
№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
№4/3 «Астана – Алматы»;
№71/72 «Астана – Шымкент»;
№354/353 «Астана – Семей»;
№24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
№25/26 «Алматы – Шымкент»;
№614/613 «Орал – Маңғыстау».

“Әйелдер вагондарында ер адамдардан тек жеті жасқа дейінгі ұл балаларға ғана рұқсат етіледі. Мұндай вагондарда тек әйелдер жолсерік болып жұмыс істейді”, – делінген хабарламада.

Компания өкілдері жолаушыларға билеттерді онлайн рәсімдеу кезінде ‘ЖН’ (әйелдер) аббревиатурасына назар аударға шақырды. Бұл билет тек әйелдерге сатылатынын білдіреді.

Айта кетейік, Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар 2021 жылы пайда болды.