Өскемен қаласында «Жаңа Примыкание» зиратында халықтың наразылығын тудырған жағдай анықталды: көше дәретханасының іргетасына ескі қабірлерден алынған айқыштар пайдаланылған, деп хабарлайды Qazaq.today порталы YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерде дәретхананың астына төселген тақтайлардың қабір айқыштарына ұқсайтыны анық көрінеді. Бұл жағдай жергілікті тұрғындар мен марқұмдардың туыстары арасында үлкен наразылық туғызды. Олар айқыштарды осылай қолдану – қайтыс болғандардың рухына көрсетілген үлкен құрметсіздік деп санайды», — делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бұл айқыштар қараусыз қалған немесе ескі зираттардан алынған болуы мүмкін. Алайда зират әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.