Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Желіде Баян Мақсатқызының сәлем салған видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Видеоны Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова жүктеген. Кадрдан продюсердің бірнеше рет иілгенін және «үнемі сәлем саламын» деп айтқанын көруге болады.
Желі қолданушылары Баянның бұл әрекетіне баға беріп, сан түрлі пікір қалдырды.
«Мазақ етіп тұр», «Бойкоттан қорыққан ғой», «Баян, дұрыс жасадың», «Ақыры сәлем салуды қабылдады-ау», «Өткенде ғана сәлем салуды жабайылық деп еді», «Бойкоттың құдыретінен айналдым», — деп жазды олар.
@moldir.mt3 #мөлдірмахаббатпен #мөлдірмұқанова #rec ♬ оригинальный звук — Moldir.Mt