Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті істі болды

Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның жергілікті прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Мун Чжэ Инді пара алды деген күдікпен сотқа берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, 24 сәуір күні Чонджу қаласының аймақтық прокуратурасы Мун Чжэ Инді «Арнайы қылмыстарға қатаң жаза қолдану туралы» заңды (парақорлық бабы) бұзды деп айыптап, сотқа берді.

Сонымен бірге, прокуратура бұрынғы депутат, Eastar Jet әуе компаниясының негізін қалаушы Ли Сан Джикті пара беру және қызметтік тапсырмаға салғырт қарау күдігімен сотқа берді. Дегенмен экс‑президенттің қызы мен күйеу баласына қатысты мемлекеттік айыптау әзірге кейінге қалдырылды.

Тергеу дерегіне сәйкес, Ли Сан Джик Шағын және орта бизнес корпорациясының басқарма төрағасы болып тұрғанда, атап айтқанда, 2018  жылдың наурыз айында Мун Чжэ Иннің күйеу баласы Eastar Jet-тің Тайландтағы еншілес компаниясына басқарма мүшесі ретінде жұмысқа алынған. Прокуратура осы іс бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.