Фото: olympic.kz
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов ұлттық құраманың алдағы жоспарын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі елордада өтеді.
Алдағы уақытта бізді Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд және Чехияда өтетін турнирлер күтіп тұр. Соған дейін оқу-жаттығу жиындары өтеді. Бұл — жас боксшыларымыздың өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Біз оларға осындай мүмкіндік береміз. Ең басты жарыстарымыздың бірі Астанада өтетін Әлем кубогының екінші кезеңі болмақ, бұл жарысқа 1-2 нөмірлі боксшыларымыз қатысады,-деді бас бапкер.
Еске сала кетейік, Әлем кубогінің бірінші кезеңі Бразилияда өтті. Боксшыларымыз ол жарыста 3 алтын, 3 қоламен жалпыкомандалық есепте Өзбекстан мен Бразилиядан кейін үшінші орынға жайғасты. Екінші кезең Астана қаласында 30 маусым мен 7 шілде аралығы Қазақстанда өтеді.