Қазақ фильмі халықаралық байқауда топ жарды

 Отандық киноиндустрияға олжа салған туындыны белгілі каскадер, режиссер әрі актер Ғалымбек Қаратүрік түсірген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шығыс Европадағы ең танымал байқауда 200-ден астам шығарма бақ сынаған. Үш айдан астам іріктеу жүргізілген фестивальде “Тұтылған жарық” ең үздік қысқа метражды фильм деп танылды. Туындының режиссері Ғалымбек Қаратүріктің айтуынша,  сценарийі шынайы оқиғаға негізделген.

Фильмде бас кейіпкерді каскадер Еділ Сымағұлов ойнасақосалқы рөльдерді кәсіби актерлер сомдаған.

Туынды күндіз көзі көрмейтін, түнде ғана көретінбарымташының баласы туралы. Оның ұлы да тура өзі сияқты болып дүниеге келіп, әкесінің жолын қуады. Көзі де түнде ғана көреді. Ақырында әкесімен бірге опат болады. Көздің бұл ауруы ғылымда «ахроматопсия» деп аталадыCоған байланысты фильмнің атауы “Тұтылған жарық” деп қойылған.

«Бұл фильмнің негізгі айтар ойы не жасасаң – сол алдыңнан шығады. Бұл дүниеде жақсылық жасаған адамның өмірінің соңы жақсылықпен, жамандық жасаған адамның өмірінің соңы жамандықпен аяқталатыны көрсетіледі.Табиғат құбылыстарымен байланысты да халықтық философиялық детальдар көрініс табады. Мысал үшін күннің тұтылуы, жалғыз құстың жарыққа қарай ұшып бара жатуы деген сияқты көріністер бар»,-дейді Ғалымбек Қаратүрік.

Сондай-ақ ол Қазақ киноиндустриясы үшін бірнеше іргелі жобаларды қолға алып жатқанын, жақында жариялайтынын да айтты.