Қарағандыда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Қарағандыда назардан тыс қалған сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Төтенше жағдай бүгін Қарағандының 13-ші шағын ауданында түс ауа болды.

Екі жасар бала тұрғын үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалды.

«Көптеген жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.