Сырымбек Тау досы Руслан Берденов туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді

Кәсіпкер Сырымбек Тау досы Руслан Берденовке қатысты тараған қауесеттер туралы пікір білдіріп, оған шипа тіледі, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

«Білікті дәрігерлердің арқасында ота сәтті өтті. Енді ол дәрігерлердің бақылауында болады. Қазіргі уақытта жалған ақпарат пен қауесеттер өте көп. Сіздерден өтініш, осы жалған мәліметтерге сенбеулеріңізді сұраймын», — деді Тау.

Кәсіпкер досы туралы қауесет таратпауға шақырды.

«Ал оларды таратып жүргендерге айтарым, мұндай ақпаратты таратпайық. Бұл әрбір адамның басынан өтетін жағдай. Сондықтан тек құзырлы органдардан алынған ресми ақпаратқа сенген дұрыс. Досы, туысы ретінде біз барлығымыз аурухана маңында бірге боламыз», — деп мәлімдеді Сырымбек Тау.