Мексиканский сериал секілді: журналист аядай әкімдікті реттей алмаған Шымкент әкіміне лауазымды тастауға кеңес берді

Бұған дейін дәл осы Шымкент қаласының әкімі жекеменшік су мекемесін мемлекетке қайтарамыз деп дауға қалса, өткен аптада “лайк” қоймаған қызметкерлерін жазалаймыз деп тағы шулатты.
“Шымкенттің әкімдігін қырсық шыр айналдырды-ау?! Өткен аптада “акиматовский” жазбаларға лайк баспадың деп өзара бір қырылып алды. Енді замәкімді өзінің қарамағында жұмыс істеген қызметкер атып кетті дейді. Мемлекеттік қызмет емес Мексиканский сериал сияқты, құдды. Халықтың проблемасын шешеді деп жүрген шенеуніктердің өзі “проблемный” болып барады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековке мал сойып, қан шығарып, құран оқыту керек шығар?! Аядай ғана акиматтағы жағдайды реттей алмаса, үшінші мегаполистің басшысы деген лауазымды тастау керек”, – деп жазды журналист.
Ол осыған дейін қатал заңдардың қабылдануына ат салысқан Берденовтың еңбегін еске салуды ұмытпады. Қазіргі алып қашпа әңгімелердің расталуы Берденовтың болашағына тікелей әсер етуі мүмкін.
“Астанадағы Абу Даби плазаның ұшар басына шыққан Руслан Берденовты БЭТМАН деп біраз кекетіп едік. Сол супермен жігіт үш рет атылған оқтан аман қалыпты. Дені сау болып, қатарына қайта қосылсын. Бірақ ел арасындағы әңгімелер расталса, Бэтманның елге қарайтын беті болмайын деп тұр. Ал, құрылыс компаниядарының қанын ішіп, солардың ұйымдастырған қастандығы деген версия расталса, нағыз Бэтманға айналады”, -деді Диас Нұрақын.