Фото: astanatv
Алматыда ғаламтор арқылы жігіттермен танысып, кейін оларды жалдамалы пәтерге апарып тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Алаяқтардың әрекет ету схемасы бір — қыздар жігіттермен веб-сайтта танысып кездесуге шақырады. Пәтерге барғанда бойжеткендердің сыбайласы жігіттерге шабуыл жасап, ақшасы мен бағалы заттарын тартып алып отырған.
Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адамды қолға түсірді. Департамент өкілдері тұрғындарға желіде танысқан кезде аса сақ болуды ескертті.