Баян Мақсатқызы келініне сын айтамын деп, өзі сынның астында қалды (ВИДЕО)

Баян Мақсатқызы келініне сын айтамын деп, өзі сынның астында қалды Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасында келіні Жарқынай Ханайымға қатысты айтқан сөзімен әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығына ұшырады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Жарқынай Ханайым — продюсердің әпкесі Бәтес Байлының ұлы Айдар Асқарбектің жұбайы. Көпшілікке олар «Рауза» телехикаясындағы басты рөлдері арқылы танымал. Кино алаңындағы махаббат шынайы өмірде де жалғасып, қос актер некеге тұрған. Алайда арада біраз уақыт ажырасып, кейін қайта табысқан болатын. Баян Мақсатқызы осы жағдайды меңзеп, келініне әзіл-шыны аралас видеоарнау арнаған.

«Біздің келініміз. Бірақ бірде келін, бірде келін емес. Әйтеуір, қазір келін. Бізге Армениядан мынандай сыйлық алып келді. Анар жемісі Арменияның ерекші символы, байлық әкеледі деген сенім бар. Рақмет, Жарқынай, бізді ойлап жүргенің қуантады. Жағдайың жақсы ма? Сен қазір біздің келінсің ғой?», – дейді продюсер.

Алайда бұл сөздер желіде әртүрлі пікір тудырды. Көпшілік Баян Мақсатқызының бұл қалжыңын орынсыз және келінді көпшілік алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырған әрекет ретінде бағалады.

«Қорлап тастады ғой келінді…», «Баянның қыздарына осылай айтса, бірден пост жазып шығады ғой», «Келінге емес, ініңізге де айтып қойсаңыз болар еді», «Жарқынайдың еш жазығы жоқ. Үлкен адам ретінде Баян дұрыс сөйлемей тұр», деді олар.

Жарқынай Ханайым әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

@keremet_life Шутка-минутка????#келін#рекомендации#fyp #баян#funny ♬ оригинальный звук — Тіркеліп қойыңыздар❤️????