Фото: «Ақтөбе» ФК
«Ақтөбе» футбол клубы Игорь Леоновтың команданың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.
Клуб басшылығы отбасылық жағдайларға байланысты маманның отставка туралы өтінішін қабылдап, екі жақты келісім бойынша келісімшарт бұзылды.
«Ақтөбе» ФК бас бапкері Игорь Леонов команда сапынан кетті. Клуб басшылығы Игорь Ивановичтің отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кету туралы өтінішін қабылдап, екіжақты келісімшарт мерзімін аяқтады, — деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
Игорь Леоновтың жетекшілігімен «Ақтөбе» 2024 жылы Қазақстан Кубогының иегері атанып, Премьер-Лиганың қола жүлдесін жеңіп алды.