«Алматыдан шықтық»: Алтынай Жорабаева күйеуімен бірге елден кетіп қалды

Фото: Instagram.com/altynaizhorabayeva

Белгілі қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуімен түскен видеосын жариялап, жаңалығын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, оны шетелге тойға әнші ретінде шақырған.

«Ал әсем қаламыз Алматыдан шықтық. Алла қаласа, бір елге, шет ел бізді тойға шақырды. Қай ел екенін тапқан адамға сыйлығымыз бар», деді әнші.

Сондай-ақ, ол күйеуіне еркелеп отырған видеосын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

«Сүйесің бе, деп сұрайды әнші күйеуінен, иә, әрине, деп жауап береді жолдасы».