Астанадан Ақтауға бағыт алған Scat әуе рейсінде жолаушы бортсерікке қол көтерді, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі Lada басылымына сілтеме жасап.
Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, жанжал 20 сәуір күні сағат 00:05 шамасында, ұшақ межелі жерге қонғанда болған. Ер адам ұшақта ұялы телефонын ұмытып кеткенін түсе берген кезде ғана есіне түсіреді. Салонға қайта кірмек болған оны стюардесса тоқтатып, жолаушылар толық түскенше күтуін өтінеді.
Алайда ер адам өтінішке құлақ аспай, стюардессаға итермелеп жауап береді. Бұған жауап ретінде бортсерік телефонды өзі алып беретінін айтқанымен, жолаушы оның артынан жүгіріп барып, бетіне соққы жұмсаған.
– Бұл адам ұшу барысында еш қиындық туғызбады. Біз ондай әрекетті күтпедік әрі оның агрессиясы бәрімізді шошытты. Стюардесса – жігіт болғаны жақсы, ал егер қыз болса ше? Жолаушы жұдырығын бұлғап, қатты ашулы болды. Ол – ірі денелі, ал жанында мүгедек әйел отырған еді. Басқа адамдар да зардап шегуі мүмкін еді. Мұндай жағдай үшін жаза тағайындалуы тиіс. Физикалық күш көрсетуге жол берілмейді, – дейді оқиғаның куәгері.
Оның айтуынша, оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. Алайда агрессорды күтіп алған туысы да сабырсыздық танытып, екеуі де кінәсін мойындаудан бас тартқан. Дегенмен, оқиғаға куә болғандар шындықты айтып, кінәлі азаматтың тиісті жазасын алады деген үміт білдірді.
Журналистер түсініктеме алу үшін Желіаралық көлік полициясына хабарласқан.