Индонезияда қатты жер сілкінісі орын алды

Жер сілкінісі Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде тіркелді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Апаттың ошағы 34 шақырым тереңдікте орын алды. Қазіргі уақытта жер сілкінісінен ешқандай құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған қоса, кеше Жапонияның Нагано префектурасында 5 балдық жер сілкінісі орын алғанын еске сала кетейік. Бұл жер сілкінісі салдарынан цунами қаупі туындамағаны хабарланды.