Мөлдір Жаңбырбай финалға дейін кедергісіз жетіп, 50 келіге дейінгі салмақта хорватиялық Эма Сгарделлиді жеңіп шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай осылайша қатарынан үшінші Премьер-лига турнирінде жүлдеге ие болды. Ол бұған дейін Парижде қола медаль, ал Ханчжоуда күміс медаль жеңіп алған болатын.
Нәтижесінде, Мөлдір Жаңбырбай Премьер-лига рейтингінде көшбасшылық позициясын одан әрі нығайтты. Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы турнирде Мөлдір Жаңбырбай чемпион атанғанын да хабарлаған едік.