ШҚО-да студент пен мектеп оқушысы суицид жасады

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек студент пен 6-сынып оқушысының қайтыс болғанын растады.

«Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па — оны полиция анықтайды», — деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.

Qazaq.today