Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 18 сәуірде Сырым ауданының аумағында орын алды.
Самара-Шымкент автожолының 352-шақырымында жүк көлігінің тіркемесі мен кабинасы тұтанды.
— Шаруашылық тауарлары мен тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі Алматыдан Уфа қаласына бағытталған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен келтірілген залал анықталып жатыр, — деп мәлімдеді ведомство өкілі.