KASE: Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,09 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 523,20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 585 — 595 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 519 теңге. Еуро 588 теңгеден сатып алынып, 595 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,26 — 6,40 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 17 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,67 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,32 теңге. Еуро — 592, 46.