Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясындағы орынбасарларын қызметінен босатты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.