Фото: pinterest.com
Ақтаудағы төбелес кезінде зардап шеккен ер адамға ота жасалды. Жігіт бірнеше жерінен жарақат алып, күре тамырына да пышақ тиген, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлерінің айтуынша, ота аяқталды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Жағдайы ауыр, дәрігерлердің бақылауында», — деп хабарлады емдеу мекемесінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, ер адам бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған, сол сияқты қан тамырларына зақым келген, бұдан бөлек травматикалық геморрагиялық шок алған.
Оқиға бүгін таңертең 7-шағын аудандағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр.