«Бірінші кездесуде үйленгім келеді деді»: Диана Скатованы шок қылған кім

Танымал тележүргізуші Диана Скатова Айнұр Ілиясоваға сұхбат беріп күйеуімен қалай танысқаны туралы ашық әңгімелеп берді.

Диана Скатова жақында тұрмыс құрып, оның таңдауы Сұлтан есімді азаматқа түскен еді. Оның айтуынша, күйеуін бірнеше жылдан танығанымен араларындағы қарым-қатынас бірден терең сезімге ұласпаған. Алайда кейін күйеуі бірінші кездесуде-ақ оған үйленгісі келетінін айтып таңғалдырған.

«Қыз бен жігіт сияқты былай сырласып бастағанбыз, бірақ кездесуге былайша айтқанда свиданияға барып жүрген жоқпыз. Тек қана иә, телефон жұмыста. Содан кейін бірінші кездесуде “мен үйленгім келеді, саған” деді. Мен түсіндім бұл арақатынас бәрібір қыз бен жігіттік арақатынасқа келе жатқанын, бірақ мен ойлаған жоқпын. Бірден осылай тез болып кетті, бірінші кездесу, бірінші кездесу де осындай әңгіме… Мен шоқпын, таңқалып тұрмын, бірақ сол шокпен қатар бір сенімділік болды, мен оған дайын болғандаймын».

Осы сәттен бастап Диананың өмірінде үлкен өзгерістер басталған.

МАХАББАТ ӘЛЕМІ – ТЕК ЕКЕУМІЗ

Кейін олар ресми түрде қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүре бастаған. Диана бұл кезеңді өміріндегі ең ерекше кезеңдердің бірі деп есептейді.

«Одан кейін ары қарай, екеуміз келісіп сөйлесіп енді қыз бен жігіт ретінде ресми түрде кездесе бастадық. Күнделікті кездесулер сол кезде мен үшін бір әлем тоқтап қалғандай болды. Ешкім жоқ, тек қана Сұлтан екеуміз ғана. Біздің әлем сол кезде біздің сөйлесуімізде, сырласуымызда кездесуімізде күні-түні бірге болдық. Кәдімгідей сол сәтте мен түсіндім. Мынау менің адамымыз сияқты, сол ой бұрын-соңды болмаған, ешқашан мен сезіне алмаған».

Айта кетейік Диана Скатова “Қалаулым” жобасы арқылы кеңінен танылған.

Сот үкімімен бірнеше бап бойынша ол 7 жылға сотталды.

Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасында «жаппай тәртіпсіздік жасады» деп айыпталған еді. Полиция Бердах Бекетовті 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұстап, алып кеткен. Оған «Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.