Егер сізге осындай хабарлама келсе мән бермеңіз. Себебі бұл алаяқтықтың жаңа түрі. Мұны Қаржы министрлігі мәлімдеді.
Министрлік мәліметінше, мұндай хабарламалар қазақстандықтарға электрондық пошта мен WhatsApp мессенджері арқылы келіп жатыр. Ведомство салық төлеушілерге пошта арқылы хабарлама жібермейтінін айтты.
Министрлік хабарламаларды мына тәсілдермен жібере алады:
- Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
- Электронды үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы;
- e-Salyq мобильді қосымшасы арқылы.