Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

Фото: oka.fm

Қарағандыда халыққа қызмет көрсету орталығы маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы.

«14 сәуірде қала шетінде орман екпелерінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факті полицияға тіркелді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге қан айналымының жедел жеткіліксіздігі және басқа да аурулар себеп болған», — деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.