Фото: Facebook/Dinara Zakiyeva
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Ақжігіт ауылында мектеп оқушыларына қатысты ақша жинау және қорқыту деректеріне байланысты прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Оның мәліметінше, 15 сәуір күні таңертең өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақжігіт ауылына жол тартады.
Еске салайық, бұған дейін Ақжігіт ауылының 24 отбасы полиция бөліміне ашық хат жолдап, мектеп оқушыларынан ақша бопсалау мен қорқыту деректерін тоқтатуды талап еткен болатын. Ауыл тұрғындары мұндай әрекеттердің салдары 17 жастағы оқушының қайғылы қазасына әкеліп соққанын айтып, дабыл қаққан. Қазіргі таңда аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдікті ұсталғанын хабарлаған.