Әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелімен қайта қосылды

Былтыр екінші әйелі Катерина Вайтпен ажырасып кеткен әнші Сейфуллин Жолбарыс отбасымен қайта қосылды.

Күйеуімен қайта қосылғанын жұбайы Катерина Вайт мәлім етті.

Желі қолданушыларының бірі Катерина Вайттан «Отбасыңмен қосылдың ба?» деген сауал қояды. Әншінің жұбайы «Солай дұрыс. Иә» деп жауап береді.

Жазбаларының бірінде күйеуі Сейфуллин Жолбарыспен бірге түскен фотосын жариялап, мынадай ойын қалдырды:

«Демек, мағына осыда болғаны ғой. Алғысымды білдіріп, қабылдап, ары қарай жүремін», — деп жазды Катерина Вайт.

Сол сияқты ол Сейфуллин Жолбарыспен және қыздарымен бірге шетелде қыдырып жүрген сәттерінен фотолар жариялады.

Айта кетейік, осыған дейін Сейфуллин Жолбарыс екінші жұбайымен ажырасып кеткені хабарланған болатын.