«Жас айырмашылығымыз – 6 жас»: Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні көптің сұрағына жауап берді

Фото: tiktok.com/@adiyamaulen

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлымен көңіл жарастырып жүрген Әдия Мәулен әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағын жауап берді, деп хабарлады  Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп,

«Әділет екеуміз бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз, бірақ нақты сөйлесіп жүргенімізге ертең 9 ай болады екен. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде дүниеге келдім, Ақтау көшіп кеттік. Ал қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Колледжді қонақүй бизнесі мамандығы бойынша аяқтадым. Оқуды аяқтап, Астанаға барған едім. Болашақта жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап жүрмін», – деді Әдия Мәулен.

Ол ата-енемен тұруға қарсы емес екенін жеткізді.

«Бұл тақырыпта бейтарап көзқарастамын. Өзім үлкен отбасыдан шықтым, көп адам болып шай ішкен ұнайды. Артымнан еріп келе жатқан інім болғандықтан жақсы түсінемін», — дейді 20 жастағы ару.