Фото: t.me/almaty_my
Алматыда 26 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оның суреті әлеуметтік желіде тарады.
Ондағы мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Бостандық ауданында орналасқан «Өркен» тұрғын үй кешенінде болған.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.
— Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету») бойынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.