«Бала кезіміздің аңыз адамы»: Қожа рөлін сомдаған актердің жарты жыл өмірі қалған

“Менің атым – Қожа” киносының актері Нұрлан Санжар ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Кино жұлдызы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күресіп жатыр.

«Қазір Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек қажет. Емделіп, жұмыстарын аяқтау керек. Ол журналистика факультетінде сабақ берген. Қазір сырқатына байланысты жұмыс істемейді. 75 жасында тыныс алу аппаратында тәулігіне 14 сағат бойы жататын адам қалай жұмыс істесін? Дәрігерлер жарты жыл өмірі қалғанын айтыпты», – деп жазды журналист Жанар Қанафина.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актерге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.

“Біздің бала күніміздің аңыз адамы”, “Тез жазылып шықсын”, “Әйелі мен балалары бар ма екен?!”, “Билік өкілдері актердің өмірін сақтап қалуы керек”, “Ақшаны қай жаққа жіберейік”, – деп жазды көпшілік. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАНАР КАНАФИНА НОВОСТИ (@kanafina)