Қызылордада 7 жастағы қыз оқыс оқиғаға тап болды

Фото: ҚР ТЖМ

Оқыс оқиға 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйдегі жылу радиаторы қабырғаларының арасына 7 жастағы қыздың аяғы кіріп кетіп, қысылып қалған.

– Шақыру бойынша оқиға орнына барған құтқару жасағының қызметкерлері арнайы гидравликалық құралмен жылу батареясынан қыз баланың аяғын шығарып алды. Бала өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ, — делінген хабарламада.

Осы орайда құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.