Қаржы саласының маманы Айбар Олжай өзінің кезекті сұхбатында қоғам талқысына түскен ҚҚС туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сарапшының сөзінше, салық өсімінен келер пайда көп.
«ҚҚС-ты барлығы жаппай төлейді. Енді бинесті кішірейту мүмкін емес. Үкімет шағын бизнеске қарамайды әрі кетсе екі пайыз ғана салады. Орта бизнес кешкентай ИП-ларға бөлініп кетті. ҚҚС-ты әкелмейтін сол болған. Енді бизнестер ірілене бастайтын болады. Бұрын орта бизнестің өсуіне мотивация болмайтын. Өйткені олар өскен сайын салық көбірек төлейтін. Қазір енді ешқандай айырмашылық жоқ, бәрі салық төлейді. Осындан кейін орта бизнестер адам сияқты жұмыс істей бастайды», — деді қаржы маманы.