Риддерде жас жұбайларды өлтірген күдікті ұсталды

Қазір қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне cілтеме жасап.

Риддерде жас жұбайлардың мәйіті өз үйлерінен табылған болатын. Марқұмдардың артында 2 баласы қалды.

«Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», — деп хабарлады құқық қорғау органдары агенттікке берген түсініктемесінде.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл іс Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін қосты.