Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды. «Кәусар» тұрғын үй кешенінде болған жағдайға қатысты қазір полицейлер мән-жәйді анықтап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
КТК ақпаратынша, қайғылы оқиға 27 наурыз күні таңертең болған. Іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қозғалған.
«Өзім клиенттерімнен естідім. Олар бойжеткеннің тоғызыншы қабаттан құлағанын айтты. Терезеден секіріп кетіпті. Көргендер көп сияқты»,- деді сол маңдағы дүкен сатушысы.