«Семіре бастадым, сыймай қалды»: Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына костюмін сыйлады (ВИДЕО)

Танымал әнші Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына сахналық костюмін сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі Ақтөбе өңіріне гастролдік сапармен барды. Сол кезде әнші сахналық киімін мүгедектігі бар балаға сыйлады.

“Мына жерден қатты ыстықтап кеттім. Бір жағынан жасым 36-ға келгеннен кейін бе, семіре бастадым. Ішім шығып, киімдерім дұрыс киілмей жүр. Осы сыртқы киімімді мына залда отырған бауырыма сыйлағым келіп тұр”, – деді әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жомарттығын талқылап жатыр.

“Қайрат керемет адам”, “Өнерлі жігіттің жолын берсін”, “Мүгедектігі бар адамға киім емес, ақша бер”, “Мына жігіт аяғына тұрып кетсін”, “Қандай ақкөңіл адам”, – деп жазды көпшілік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АҚТӨБЕ | АКТОБЕ (@zello.aqtobe)