АҚШ-та ұшақ апатына тап болған отбасы ғажайып түрде аман қалды

Фото: Bild

АҚШ-тың Аляска штатында ұшақ апатынан бір отбасы ғажайып түрде аман қалды. Ұшқыш пен екі баласы 12 сағат бойы мұз боп қатқан көл ортасында ұшақтың қанатында отырып, құтқарушыларды күткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ABC News порталына сілтеме жасап. 

Piper PA-12 super Cruiser жеңіл моторлы ұшағы 23 наурыз күні кешке радардан жоғалып кеткен.

Кейін дерек іздеу жұмыстары басталды. Бірақ апат сигналы болмағандықтан, ұшақты табу қиын болған. Қайта құтқарушылар Кенай түбегіндегі Тустумана көлінің аймағынан ұялы телефон сигналын тапқан.

Нағыз ғажайып келесі күні болды. Facebook-тен жоғалып кеткендер туралы естіген ұшқыш Терри Годесер кенет сапар кезінде жерден ұшақтың қалдықтарын байқаған.

“Басында қарауға қорықтым. Кейін жақынырақ барғанда қанатта отырған үш адамды көрдім. Олар тірі болды, маған қол бұлғады», — деді ол AP агенттігіне.

Апатқа ұшыраған ұшақты ер адам басқарған. Бортында екі кәмелетке толмаған баласы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасы Скилак көліне бет алған. Үшеуі де құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Апаттың себептері туралы әлі хабарланған жоқ.