Ақтөбеде полицей байқаусызда танысын атып жіберді

Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, қызметтік қаруынан бір рет оқ атқан. Салдарынан оның танысы жарақат алды», — делінген мәлімдемеде.

«Салғырттық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшысы жұмыстан шеттетілді. Ал жарақат алған адам ауруханада ем қабылдап жатыр.