Фото: gov.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше Арғын Нығматулинді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
— Қылмыстық-процестік кодекстің 186-бабы тәртібінде 7 желтоқсанда іс Бас прокуратураның өндірісіне берілді. Осыған байланысты біз тергеу барысына қатысты түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ Әкімшілік-процестік кодекстің 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес, іздестіру біздің құзыретімізде екенін атап өткім келеді. Аталған тұлғаны іздеу бойынша жедел шараларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр, жұмыс жалғасып жатыр, өзге ақпаратты жариялай алмаймын, — деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталған жайтқа қатысты артық ақпарат іздеудегі тұлғаның одан әрі жасырынып жүруіне әсер етуі мүмкін.