Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов мемлекеттің әлем чемпионатына беретін ақшасын «эскорттың бір түніне» теңеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Егер мемлекет маған әлем чемпионатының алтыны үшін 15 000$ берсе, онда мен Мұхаммед Әли сияқты бұл ақшаны медальмен бірге лақтырар едім! Өзенге емес дәретханаға! Маған эскорттың бір түндік ақшасы сияқты жүлде не үшін керек? Иә, балаларды спортқа бермеңіз бұл жай ғана қорлау!, — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетсек, Назым Қызайбай әлем чемпионатының алтыны үшін Асхат Тағыбергеннің айлық жалақысынан үш есе аз сыйақы алғанын жазған едік.
Айта кетейік, «Ордабасы» футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген ай сайын 20 млн жалақы алатыны белгілі болды.